Өтінім беру мерзімі 10/09/2024 дейін

Sustainability Living Lab бағдарламасына қош келдіңіз!

SLL бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғандығы туралы қуана хабарлаймыз.
Sustainability Living Lab бағдарламасы кампустың тұрақтылығына бағытталған университет қауымдастығының жасыл зерттеу және инновациялық жобаларын қолдайды.

Бағдарламаны Шеврон компаниясының қолдауымен Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры жүзеге асырады. Кампустағы өмір жағдайының сапасын жақсартып, оның экологиялық тұрақтылығына үлес қосу жөнінде идеяларыңыз бар болса, бағдарламаға қатысуға ат салысыңыз!
SLL басым салалары:
Энергетика және жасыл ғимараттар
Энергия тиімділігін арттыру шаралары және үнемдеу, жаңартылатын энергия технологиялары, ақылды өлшеу, тұрақты құрылыс материалдары, жасыл шатырлар және т.б;
Биоалуантүрлілік

Кампустың биоалуантүрлілігін сақтау, көгалдандыру, қалалық шаруашылық, кампусты көгалдандыру, жасылдандыру;
Қалдықтарды өңдеу
Қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау, органикалық қалдықтарды компосттау, ағынды суларды тазарту және т.б;
Су
Суды үнемдеу, жаңбыр суын және еріген қарды пайдалану, суды тазарту, т.б;
Тұрақты азық-түлік
Жылыжай жобалары, кампус бау-бақшасы, қалалық ауыл шаруашылығы, пайдалы тағам өнімдері және т.б.
Көлік
Жанармайдың және көліктің баламалы түрлері, басқару шешімдері;

Қатысушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:

Қатысушы ретінде жобаңызды жүзеге асыруға көмектесетін бірқатар артықшылықтарға қол жеткізе аласыз
  • Жобаны іске асыру үшін қаржылық қолдау
  • Тұрақты даму саласындағы сарапшылармен Boot camp сессиялары;
  • Кампус ғимараттары мен инфрақұрылымына қол жетімділік (НУ);
  • Административті жан-жақты қолдау және қажетті материалдар мен қызметтермен қамтамасыз ету;
  • FabLab, MachineShop және инженерлік қызметтерге қол жетімділік (НУ).
Іріктеу талаптары:
Бағдарламаға қатысу үшін сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:
  • Бағдарламаға университеттің студенттері, профессорлары және қызметкерлері қатыса алады;
  • Командада ең болмағанда 2 адам болу қажет;
  • Жоба басым бағыттарға сәйкес болып, 2024 жылдың 31 наурызына дейін жүзеге асырылуы тиіс.
SLL жобалары
Other SLL Projects

Sustainability Living Lab ұйымдастырушылары мен серіктестері
Егер сіз серіктес немесе демеуші болғыңыз келсе green.campus@nu.edu.kz
электрондық поштасына сұраныс жіберіңіз.
green.campus@nu.edu.kz
Қабанбай батыр даңғылы, 53 блок С2, 5029 каб
8(7172)70-6188
©2024 Corporate Fund “National Conservation Initiative”
Made on
Tilda